Жайық өзенінде батып кеткен азаматтың денесі табылды

/
Жайық өзенінде батып кеткен азаматтың денесі табылды

Атырау облысының Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылында 22 маусым күні сағат 12:55 шамасында құтқарушылар Жайық өзеніне батып кеткен ер адамның денесі судан шығары алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 2003 жылы туған азамат 19 маусымда балық аулауға шығып, суға батып кеткен.
Іздеу-құтқару жұмыстарына алты құтқарушы және екі жүзу құралы жұмылдырылды. Марқұм оқиға орнынан 100 метр қашықтықта табылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары