«Несиеңді өшірткіземін»: Жамбыл облысында алаяқ тұрғындардан 100 млн теңге алған

/
«Несиеңді өшірткіземін»: Жамбыл облысында алаяқ тұрғындардан 100 млн теңге алған
istockphoto.com

Таразда Наталья есімді келіншек тұрғындарды алдап, шағын несие ұйымдарынан несие алғызған. Кейін Азаматтық сот ол несиелердің күшін жояды деп сендірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ал іс жүзінде несиелер жабылмаған. Алданғандардың қарызы өсе берген. Тіпті алданғандар арасында суицид жасамақ болғандар да бар.

Күдіктінің жоғары заңгерлік білімі бар. Жамбыл облысының заңгерлік консультанттар палатасының мүшесі. Сол себепті де жұрт оған сеніп қалған.

Күдікті осылайша 184 адамды алдап, 100 млн теңгеден астам ақша алған.

Қазір прокуратура қылмыстық істің тергеуін аяқтап, сотқа жолдады. Қылмыстық іс материалдары 130 томнан асады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары