Дауыл, аптап ыстық, нөсер: Алдағы күндері ауа-райы құбылмақ

/
Дауыл, аптап ыстық, нөсер: Алдағы күндері ауа-райы құбылмақ
istockphoto.com

25-27 маусымда Қазақстанда ауа-райы құбылмалы болады. Оңтүстікте аптап ыстық, ал солтүстікте найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанада тұрақсыз әрі желді ауа-райы күтіледі:

25 маусым: түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, жел 18 м/с-қа дейін. Температура түнде +9, күндіз +22 градус.

26 маусым: кей уақыттарда жаңбыр мен найзағай, +11…+23.

27 маусым: қысқа мерзімді жауын-шашын болуы мүмкін, желдің бағыты өзгереді. Күндіз +25 градусқа дейін жылынады.

Алматыда ауа райы күрт ауысады:

25 маусым: жауын-шашынсыз, +36 °C-қа дейін ыстық.

26 маусым: күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ жаууы мүмкін. Температура +30-ға дейін төмендейді.

27 маусым: қайтадан жаңбырлы, найзағай, +26…+28.

Шымкентте ыстық, құрғақ және желді ауа-райы:

25 маусым: +38 градусқа дейін, жел 20 м/с-қа дейін.

26 маусым: +30-ға дейін салқындайды, бірақ жауын-шашынсыз.

27 маусым: +32, күн ашық.

Мамандар әсіресе жүргізушілер мен балалармен жүрген ата-аналарға ауа райы туралы ескертулерге мұқият болуға кеңес береді. Жел мен найзағай кезінде көріну деңгейі төмендеп, ашық ауада жұмыс істеу мен демалуға қауіп артуы мүмкін.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары