Ресейде аю екі адамды өлтіріп, тағы екеуін жаралады

/
Ресейде аю екі адамды өлтіріп, тағы екеуін жаралады

Ресейдің Оңтүстік-Сахалинск қаласында орманшылар орманда төрт адамға шабуыл жасаған аюды аулап жүр, деп хабарлады turkystan.kz astv.ru сайтына сілтеме жасап.

Оқиға «Үш бұғы» мүсіні орналасқан маңда болған. Екі адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Қазір дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр, олардың бірі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері келген, ал орманшылар аюды іздеуге кіріскен. Бұған дейін осы маңнан бір кішігірім аюдың жүргені байқалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары