185
ҰҚК Астанадағы EXPO нысандарының қорғанысын тексерді
ҰҚК Астанадағы EXPO нысандарының қорғанысын тексерді
7 сәуірде "ЕХРО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штабының көшпелі отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыста көрменің терроризмге қарсы қорғанысының және ақпараттық қауіпсіздігінің жағдайы қарастырылды. "Республикалық терроризмге қарсы жаттығудың қорытынды кезеңінің аясында арнайы операцияны өткізу, терроризм актісінің салдарын азайту және жою шараларының әрекет дағдылары пысықталды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Іс-шараға мемлекеттік органдардың және "Астана ЕХРО-2017" ҰК" АҚ бірінші басшылары, Астана әкімі және ҚХР бақылаушылары қатысты. Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің Қытай Халық Республикасының делегациясы мен қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунмен Астанада кездескені жайлы хабарланған болатын.