АҚШ-тағы Браун университетінің ғалымдары әлеуметтік табыстың тосын сырын анықтады. Science Advances ғылыми журналында жарияланған зерттеу нәтижесіне сәйкес, көшбасшы қабілеті бар адамдар өз айналасындағы адамдардың қарым-қатынасының сызбасын ойша құра біледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бір жылға созылған экспериментке 200 бірінші курс студенті қатысқан. Жыл fz5syf қарай әлеуметтік желі ішінде орталық орын алғандар бастапқыдан-ақ ерекше байқампаздық танытқан. Олар өз ортасынан тыс адамдардың кіммен дос екенін де дәл болжай алған.
– Бұл, тіпті, әлеуметтік суперқабілетке ұқсайды, – дейді зерттеу жетекшісі Ориэль Фельдман-Холл.
Ғалымдар бейтаныс адамдардың біртіндеп қалай қарым-қатынас құра бастағанын бақылаған. Арнайы тесттер болашақ лидерлердің жаңадан қалыптасып жатқан қоғам құрылымын интуитивті түрде түсінетінін көрсетті. Дәл осы қабілет олардың кейін басым рөлге ие болуына ықпал еткен.
Бұл жаңалықтың практикалық маңызы зор: ол болашақ көшбасшыларды анықтау әдістерін жетілдіруге, әлеуметтік интеллектті дамыту бағдарламаларын жасауға, тіпті буллингпен күреске көмектесе алады.