Қазақстандық мергендер ел қоржынына екі алтын салды. Олар садақ атудан Сингапурдегі Азия кубогының кезеңінде топ жарды.
Блоктық садақ атудан Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы Үндістаннан басым түсті.
Тағы бір ақтық сында Қазақстан ерлер құрамасы қарсыласын 235:231 есебімен жеңді.
Бұл сында еліміздің намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамет Мұса және Бунед Мирзаметов қорғады.