Иранда жер сілкінісі болды

/
Иранда жер сілкінісі болды

Иранның солтүстігінде магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді.

Орталықтың дерегінше, зілзаланың эпицентрі шамамен 124 мың тұрғыны бар Семнан қаласынан 36 шақырым солтүстік-батыста орналасқан. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте тіркелген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары