Польша чемпионатында ойнаған Георгий Жуков келіссөз жүргізу үшін Ақтөбеге келді

Польша чемпионатында ойнаған Георгий Жуков келіссөз жүргізу үшін Ақтөбеге келді
ҚФФ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы, бұған дейін Еуропа чемпионаттарында доп тепкен Георгий Жуков Қазақстан чемпионатында ойнамақ ниетте, деп хабарлайды turkystan.kz BorodAbata.kz-ке сілтеме жасап.

«Ақтөбе» аталған трансферді Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі «Легияға» (Польша) қарсы маңызды матч алдында аяқтауды көздеп отыр.

Қос тараптың ортақ келісімшарт жасасқаны туралы ресми ақпарат жақын күндері жарияланады.

Футболшының өзі BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Ақтөбеде екенін растады.

30 жастағы жартылай қорғаушы бірнеше күн бұрын польшалық «Пуща» клубынан ресми түрде кеткен болатын.

Ол бұған дейін бельгиялық «Льеж», ресейлік «Урал», голландиялық «Рода», польшалық «Висла» және қытайлық «Цанчжоу» командаларында өнер көрсеткен. Қазақстанда «Астана» мен «Қайраттың» намысын қорғады. Ұлттық құрама сапында 24 ойын өткізген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары