Алматыда орынсыз пранк жасаған блогерлер жауапкершілікке тартылды

/
Алматыда орынсыз пранк жасаған блогерлер жауапкершілікке тартылды
коллаж :turkystan.kz

Алматыда еңбек адамын сыйламаған азамат сотталды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жас жігіт пен қыздың қоқыс тастап, тазалықшы әйелді дөрекі түрде балағаттап жатқан бейне тарады. Олар өз әрекеттерін келеке-мазақпен сүйемелдеп, бейненің соңында мұның "пранк" екенін айтып, кешірім сұрап, жәбірленушіге ақша береді.

Жарияланым қалың жұртшылықтың наразылығын тудырды. Пайдаланушылар мұндай контентке наразылығын білдіріп, жұмысшыларды қорлауға жол берілмейтінін атап өтті. Полиция дереу жауап берді: қатысушылардың жеке басы анықталды, материалдар сотқа берілді. Іс қаралған соң, жастар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Еңбек адамын құрметтемеу, әсіресе демонстрациялық және қорлау түрінде орын алуы мүмкін емес. "Пранк" жауапкершіліктен босатпайды. Заң бәріне бірдей. Белсенді ұстанымдары үшін алаңдаушылық білдірген азаматтарға алғыс айтамыз. Бұл оқиға әдептілік шегінен шығуға дайын жандарға сабақ болады деп сенеміз", - деді Алматы қалалық полиция департаментінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары