Зілтемірші Алмас Өтешов допинг дауынан соң біршама кедергілерге тап болғанын жасырмады, деп хабарлады turkystan.kz.
Оның сөзінше тіпті кейінгі кездері оны тойға да шақырмайтын болған. Бұл туралы Сұлтан мен Әйгерім есімді жас жұбайлардың тойында тілек білдіргенде жеткізді.
«Соңғы уақытта ешкім тойға шақырмайтын болды. Біз де өзің секілді бірінші рет үйленгендей болып жүрміз. Он жылдан кейін бірінші тойға шықтым», деп — екі жасқа тілегін жаудырды зілтемірші.
Айта кетейік, 2016 жылы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг қолданғаны үшін Алмас Өтешовті төрт жылға спорттан шеттетілген еді.