Дзюдошы Марат Байқамұров әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды

/
Дзюдошы Марат Байқамұров әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды
olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Марат Байқамұров Будапешттегі (Венгрия) әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық балуан 1/8 финалда Олимпиада чемпионы әзірбайжандық Зелим Коцоевпен белдесіп, иппон әдісімен жол берді.

Айта кетейік, ел қоржынында бір күміс медаль бар. Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта екінші нәтиже көрсеткен болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары