Бүгін қай қалада ауа ластанады

/
Бүгін қай қалада ауа ластанады
istockphoto

Бүгін еліміздің үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.  

- 2025 жылғы 18 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Өскемен, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары