Бұрынғы Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың қастандықпен өлтірілгені жөніндегі жаңалық расталмады, деп хабарлады turkystan.kz порталы oxu.az сайтына сілтеме жасап.
Кейібір әлемдік бұқаралық-ақпарат құралдары Тегеранның орталығында әйелімен және екі ұлымен серуендеп жүрген Ахмадинежадты бетперде киген белгісіз біреу атып өлтірді деп мәлімдеген болатын.
Алайда ресми дереккөздер мен халықаралық ақпарат құралдары бұл хабарды жоққа шығарды. Расында, Ахмадинежадқа қастандық жасалғанымен, ол тірі екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта бұрынғы Иран президентінің жағдайы туралы нақты мәліметтер жарияланған жоқ.