Елордадағы басты көшелердің бірінде, Министрліктер үйінің жанында жол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Екі жолаушылар автобусы соғылған. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін де Республика даңғылында екі автобус жол апатына ұшыраған болатын. Бірінші жол апатында 8 жастағы оқушы қыз Алуа Бекен зардап шегіп, дәрігерлер оның екі аяғын кесуге мәжбүр болған.