Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында «WhatsАpp» желісі арқылы терроризмді насихаттаған қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол 2024 жылдың қыркүйек айында Шымкент қаласында ұялы телефонын пайдалана отырып «WhatsАpp» желісінде халықаралық террористік ұйымының көзқарастарына жататын аудио және текстік хабарламаларды, аудио жазбаларын салып, қасақана терроризмді насихаттаған.
Сотталушы кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды сұраған.
Сот үкімімен ол ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігі қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.