Ақтөбеде үшем өмірге келді

/
Ақтөбеде үшем өмірге келді

Ақтөбелік Расул мен Полина Саматовтардың отбасында үшем дүниеге келді. Нәрестелер перзентханадан шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтөбе медициналық орталығының мамандары 30 мамыр күні Амир, Амин және Айшаның дүниеге келуіне себепкер болды. 

Медициналық университет кафедрасының профессоры Светлана Шиканованың айтуынша, статистика бойынша үшемге жүкті болу — сирек кездесетін жағдай, әсіресе ЭКО технологияларынсыз. 

«Полинаның отбасында көпбалалы жүктілікке тұқым қуалайтын бейімділік бар. Жүктілік пен босану кезеңі сәтті өтті. Үш сәби қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылуда», — деді сарапшы.

Расул мен Полинаның ата-ана ретіндегі тәжірибесі мол. Бүгінгі перзентханадан шығару салтанатына үшемнің әпкесі, бес жасар Даяна мен үш жастағы ағасы Ислам да қатысты.

Жас отбасын қуаныштарымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі құттықтады.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 5255 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 51-і — егіздер, ал екеуі — үшем.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары