Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгертілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Алматы облысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты 8:00-ден 17:30-ға дейін өзгертілді. Түскі үзіліс: 12:30-дан 14:00-ге дейін. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті сегіз сағаттық жұмыс күні толық көлемде сақталады», – делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада.
Сондай-ақ, «белгіленген түскі үзіліс жұмыс уақытына кірмейді, сондықтан Еңбек кодексінің барлық талаптары сақталған» деп көрсетілген.
«Алматы облысы әкімдігі мен оған қарасты барлық мемлекеттік мекемелер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырып, халыққа уақтылы әрі сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде», – деп толықтырды облыс әкімдігі.