Ертең елімізде аптап ыстық болады

/
Ертең елімізде аптап ыстық болады
istockphoto

Синоптиктер ертең, 16 маусымда елдің кей өңірлерінде аптап ыстық болатынын ескертті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Күндіз облыстың батысында қатты ыстық 35 градус. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ұлытау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. 16-20 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары