Есет Қуанов дзюдодан әлем чемпионатында Олимпиада чемпионына есе жіберіп, 1/8 финалға шыға алмады.
Есет Қуанов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарысты екінші айналымнан бастады.
Алғашқы қарсыласы - 2024 жылғы Олимпиада ойындарының аралас командалар сайысында алтын, ал жекелей сында күміс медаль иеленген француз дзюдошысы Жоан-Бенжамен Габа болды.
Кездесу барысында Габа айқын басымдық танытып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша, Есет Қуанов 1/8 финалға өте алмады.