11-маусым күні үшінші сәбиін дүниеге әкелген Ерке Есмахан Майғазиевтер әулетіндегі тойға бара алмағанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
"10 маусымнан әлсін-әлсін толғақ басталды. 11-і күні кешке перзентханаға кеттік. Сағат 19:48-де Райымбекұлы Батыр дүниеге келді. Әкесі қуанышты хабармен сүйіншілетті. Қазір Аллаға шүкір барлығы жақсы", - деп жазды әнші.
Бұдан бөлек, Сәкен Майғазиевтің тұңғышының тойын онлайн тамашалағанын да айтып, өнер иесінен сарқыт күтіп жатқанын жеткізді.
"Сәкен аға - Динара жеңге, тойдан сарқыт күтеді емізулі Ерке", - деді ол.
Ал Сәкен Майғазиев болса жаңа босанған ананы құттықтап, өз алғысын айтты.