Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Астанада автобус апаты салдарынан екі аяғынан айрылған 8 жастағы Алуаның үйіне барғанын жазды.
"Кеше әріптестеріммен бірге ауыр жарақат алған Алуа есімді қыздың отбасына бардық. Жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз жасар бүлдіршін екі аяғынан айырылды.
Аталған жағдай орын алған күннен бастап орталығымыз Алуаға қажетті көмекті көрсету жолдарын қарастырып келеді. Бастапқыда протез орнатылғаннан кейін кешенді оңалту курсын ұсынуды жоспарланған едік. Алайда анасы Махаббаттың айтқан уайымдары мен Алуаның мазасыз күйі- көмекті дәл қазір бастау қажет екенін көрсетті", – делінген жазбада.
Экс-министр Алуаның ем-домына көмектесу кәсіби борышы екенін атап өтті.
"Қазіргі уақытта Алуа қалалық ауруханада ем алып жатыр. Кеше анасы Махаббатпен кездесуде ауруханадан шыққан соң қызымыз біздің орталықта кешенді оңалту курсынан өтетін болып келісілді. Бұл кезеңде мамандарымыз оның физикалық жағдайын қалпына келтірумен қатар, психологиялық және әлеуметтік бейімделуіне де жан-жақты қолдау көрсететін болады.
Алуаға көмек көрсету – біздің кәсіби борышымыздан бұрын, адами жауапкершілігіміз", – делінген жазбада.