Жақында ғана бесінші сәбиіне жүкті екенін жариялаған Жұлдыз Әбдікәрімова ашық суреттерін салып, тағы да сынға қалды, деп жазады turkystan.kz.
Ол ашық образбен суретке түсіп, желідегі парақшасына жариялаған. Желі қолданушылары оның мұндай ашық образын қатты сынмен қабылдады.
"Адам жынды боламын десе, 1 минут екен ғой", "Мен ғана ма ұялып отырған? Атасы көріп қоймаса екен", Кезіндегі армандары шығар. Үйде отырып туа берген ғой", Өсіріп отырған ұл-қызыңнан ұялсаңшы", "Өте жаман көрінеді екен", "Мынау алжыды ғой, көрінбей отырғаны дұрыс еді", "Кімге не дәлелдегің кеп жүр", - деп жазды олар.
Ал Жұлдыздың өзі болса осы жүктілігінде әлі де көп суретке түсетінін айтты.
"Осы жүктілігімде өте-мөте көп фотосессия түсіремін, бұйырса. Өйткені осыған дейінгілерде тығылып үнсіз жүрдім. Ал қазір кешіріп қойыңыздар! Осы ғажап күйімді босқа өткізіп алғым жоқ", - деді актриса.