«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13 маусым күні Астана мен еліміздің 17 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлытау облысының шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай, күндіз областың солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. 13-15 маусымда облыс бойынша күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 13-15 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 13-15 маусымда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Астанада күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Абай облысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, орталықта жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.