Ермахан Ыбрайымов тойдағы ерекше биімен қонақтарды тәнті етті (ВИДЕО)

/
Ермахан Ыбрайымов тойдағы ерекше биімен қонақтарды тәнті етті (ВИДЕО)

Сидней Олимпиадасының чемпионы, танымал боксшы Ермахан Ыбрайымов әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойында ерекше биімен көзге түсіп, жұртты таңғалдырды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Желіде тараған видеода спортшының көпшілік алдына шығып, бар ынтасымен билеп жатқан сәті бейнеленген. Қонақтар оны «Давай, Ереке, давай!» деп қолпаштап, қошемет көрсетті.

Желі қолданушылары егде тартқан азаматтың ширақ қимылына риза болды.

«Олимпиада чемпионы не істесе де жарасады», «Қазақтың батыры би де билей алады екен», «Ермахан аға жарайсыз, өмір қысқа – көтеріңкі көңілмен жүргенге не жетсін» деген пікірлер қалдырды видеоны көргендер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары