Танымал әнші Ерке Есмахан 40 жасында үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл қуанышты жаңалықты әншінің жұбайы RaiM әлеуметтік желіде жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол Instagram парақшасында жаңа туған сәбиінің қолынан сүйіп тұрған сәтін салған.
«Қош келдің, ұлым. Райымбек Батыр», — деп жазған.
Әншінің әріптестері, өнер жұлдыздары мен желі қолданушылары құттықтап, тілектерін жазып жатыр.