Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев Нидерландта өткен турнирде үздік үштікке ілінген қарағандылықтарды құттықтады.
"Абылайхан Жүсіпов Нидерландтағы халықаралық турнирде өзбекстандық 2024 жылғы Олимпиада чемпионын жеңді. Сабыржан Аққалықов үшінші орын иеленді. Қарағанды бокс мектебі – елдегі мықты мектептердің бірі. Чемпиондарды құттықтаймын!", – деп жазды.