Өзбекстан бокс федерациясы Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінің финалында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Асадходжа Муйдинходжаев арасындағы жекпе-жектің нәтижесіне қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлады turkystan.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Федерацияның ресми мәлімдемесінде:
«70 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жек бірінші раундтан кейін тоқтатылды. Қазақстандық боксшы жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Тең өткен раунд төрешілердің түсініксіз шешімімен аяқталып, 2:3 есебімен жеңіс Қазақстан өкіліне берілді», – делінген.
Айта кетейік, төрешілер шешімі бойынша жеңіс Абылайхан Жүсіповке беріліп, ол турнир чемпионы атанды.