Әзербайжан елінде оқушыларының аузын скотчпен жауып тастаған мұғалімге қатысты тексеріс жүргізілді

/
Әзербайжан елінде оқушыларының аузын скотчпен жауып тастаған мұғалімге қатысты тексеріс жүргізілді

Әзербайжанның Баку қаласындағы №112 толық орта мектепте бастауыш сынып мұғалімінің орынсыз әрекетіне байланысты тексеріс жүргізілді. Ол музыка сабағында оқушыларға би үйрету кезінде олардың аузын скотчпен жапқан, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Бакудің Білім басқармасы хабарлады.

Тексеру аясында мұғаліммен және оқушылардың ата-аналарымен кездесулер өткізілгені, тиісті кеңестер берілгені айтылды. Мұғалімнен түсініктеме алынған, оған жазбаша ескерту жасалды.

Еске сала кетейік, 27 мамыр күні әлеуметтік желілерде Сабунчи ауданына қарасты Пиршаги кентінде орналасқан №112 мектептің бастауыш сынып мұғалімі бірінші сынып оқушыларының аузын скотчпен жауып жатқаны бейнеленген видео тараған болатын.


 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары