Ақмола облысында құны 567 млн теңге тұратын жер телімі қайтарылды

/
Ақмола облысында құны 567 млн теңге тұратын жер телімі қайтарылды
istockphoto.com

Ақмола облысында Жер ресурстарын басқару бөлімі коммерциялық орман өсіру үшін жеке тұлғаға 36 гектар жертелімін заңсыз берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған жер телімі халықтың демалысы мен сауықтыруына арналған рекреациялық аймаққа тиесілі болған.

Қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті сотқа жүгінді.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен жасалған келісім жарамсыз деп танылып, кадастрлық құны 567 млн теңге тұратын жер телімі рекреациялық мақсаттағы жерлер құрамына қайтарылды.

Қабылданған қадағалау шаралары нәтижесінде Щучинск қаласында рекреациялық аймаққа тиесілі жерлердің құқықтық режимі қалпына келтірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары