8 адам қаза тапқан: Аустрия мектептерінің бірінде атыс болды

/
8 адам қаза тапқан: Аустрия мектептерінің бірінде атыс болды
сурет: AFP

Аустрияның Грац қаласындағы мектепте болған атыс салдарынан кемінде 8 адам қаза тауып, 10-нан астам адам жарақат алды. Бұл туралы Kronen Zeitung жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аустрияның мемлекеттік хабар тарату агенттігі ORF жергілікті полицияға сілтеме жасап, атысқа күдікті ретінде мектеп оқушыларының бірі танылып отырғанын, оның шабуылдан кейін өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін екенін хабарлады.

Kronen Zeitung басылымының дерегінше, күдіктінің мәйіті мектептегі дәретханалардың бірінен табылған.

Қайғылы оқиға кезінде күдікті екі сыныпқа оқ атқан. Полиция BORG мектебі маңында арнайы операция жүргізіліп жатқанын растады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары