Алматыда ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады. Видеокадрларға қарағанда, Lexus маркалы автокөліктің алдыңғы бөлігі мен шатыры түгелдей дерлік зақымданған, деп жазады turkystan.kz.
"Бұл жол-көлік оқиғасы кеше сағат 21:40-та Алматы қаласының Алатау ауданында орын алды. Lexus маркалы автокөліктің жүргізушісі Саин даңғылы бойымен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, арақашықтықты сақтамағандықтан, бұрылыс жасап жатқан Mercedes маркалы автобетононасоспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Lexus көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алды", – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апат салдарынан Lexus көлігіндегі үш адам зардап шеккені хабарланды.