Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында киіктердің маусымдық көшіп-қонуы кезінде жануарлардың жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға Қараоба ауылы маңында болған. БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, киіктер Сарыөзеннен. Ересек жануарлар өзеннің арғы жағына өтіп кеткенімен, биылғы төлдер суға батып кеткен.
"Қаза тапқан барлық киіктердің өлексесі судан шығарылды. Барлығы 308 өлексе табылды", – деп хабарлады аумақтық инспекция.
Мамандардың айтуынша, бұл қайғылы жағдай жер бедерінің ерекшелігіне байланысты. Ведомствоның мәлімдеуінше, төлдердің көші-қон кезінде қырылуы жыл сайын қайталанады.