Абай облысында 42 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

/
Абай облысында 42 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
istockphoto.com

Абай облысының прокуратурасы тексеру барысында бірқатар жерпайдаланушылардың заң талаптарын бұза отырып, 104 жер учаскесін ұзақ уақыт бойыны саналы мақсатына сай пайдаланбағанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың га және кадастрлық құны 516 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы орган бұл жерлерді адал және тиімді пайдаланатын субъектілерге беру бойынша жұмыс жүргізуде.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары