Желіде Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбековтің үй жинап жүрген видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz.
Видеоны әлеуметтік желіге оның жұбайы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова жүктеген.
«Шынайы өмірден. Шындығында бүгін үй шаруасы Нүрекең екеуімізге қалды, үлгермей жатсам көмектесе кететін әдеті. Артынша бала-шаға келіп, тәтті жағымды шәй болды. Бұл да болса бір бақыт!? Жүрекшелерімізбен...», - деп жазды продюсер.
Еске салсақ, бұған дейін Гүлзира Айдарбекованың туған ағасын қуанышымен құттықтағаны туралы жазған едік.