Бүгін сағат 15:10-де Семей қаласында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, «КАМАЗ» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Папанин көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне шыққан кезде жол бойымен келе жатқан велосипедшіні қағып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипед тізгіндеген ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем тобы келіп жетті.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.