Қарқаралы ұлттық табиғи паркінде куәгерлер арқарлар табынын таспаға түсіріп алған. Ролик ұлттық парктің ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ерекше табиғи құбылыс тіркелді — таудың баурайында жүрген архарлар тобы бейнежазбаға түсірілді. Бұл – сирек кездесетін әрі құнды кадр! Арқар – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, күш пен төзімділіктің символына айналған аң. Оны табиғи ортада кездестіру – үлкен сәттілік әрі парк экожүйесінің сақталып отырғанының айқын дәлелі», - деп жазылған видео түсіндірмесінде.