Футбол шолушысы Сейіл Ибатов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Беларусь командасынан кейінгі ойыны туралы пікірін ортаға салды.
Күнгей YouTube арнасына берген сұхбатында ол жастарға жол беру керек екенін айтып жеткізді.
"Асхат Тағыберген, ренжісін, ренжімесін. Өзіміздің "Ордабасыда" капитан болды. Шыңдап келгенде қарсыластардың орталық қорғаушыларына жете алмай жүр. Болды ғой, шапанын жабыңдар, басына тақиясын кигізіңдер, ақ батасын беріңіздерші, айналайын.
Шыңдап ашуланғаным, жастарды ойнату керек еді", – дейді шолушы.