Нариман Құрбанов Азия чемпионы атанды

/
Нариман Құрбанов Азия чемпионы атанды
Фото: olimpic.kz

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Ол Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан жарыста ат снарядындағы жаттығулар бойынша ең үздік нәтиже көрсетті.

"Финалда Құрбанов төрешілердің шешімімен 14.933 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Вун Хур (14.633 ұпай) жайғасты. Үшінші орынды вьетнамдық Дан Нгок Тхен (14.233 ұпай) еншіледі", - деп жазылған хабарламада.

Ілияс Әзізов 13.933 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, Милад Карими бұған дейін осы чемпионатта спорттық гимнастикадан еркін жаттығулар бойынша күміс жүлде иеленген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары