Бастықтың хабарламасына жауап бермегені үшін жұмыстан қуылған мұғалім қыруар өтемақы алуы мүмкін

/
Бастықтың хабарламасына жауап бермегені үшін жұмыстан қуылған мұғалім қыруар өтемақы алуы мүмкін
сурет: istockphoto.com

Аустралиялық мұғалім 800 мың доллар өтемақы алуы мүмкін. Ол еңбек демалысында бастығының хабарламасына жауап бермегені үшін жұмыстан қуылған, деп хабарлайды turkystan.kz yahoo/finance-қа сілтеме жасап.

Аустралиялық мұғалім жаңа қабылданған «байланыстан бас тарту құқығы» заңы аясында 800 мың доллар өтемақы алуы мүмкін. Себебі ол сырқаттанып жатқан кезінде басшысының хабарламасына жауап бермегені үшін қызметінен босатылған.

Қазір бұл іс сотта қаралып жатыр және бұл осызаң аясында қозғалған алғашқы құқықтық дау болып отыр. Жаңа ережеге сәйкес, жұмыс беруші қызметкерден жұмыс уақытынан тыс мезгілде байланысқа шығуын талап ете алмайды. Бұл тіпті басшылық тарапынан «шұғыл жағдай» деп бағаланса да, заң күшін жоғалтпайды.

Заң қызметкерлердің жеке уақытын қорғауға бағытталған. Сарапшылар бұл шешім болашақта еңбек қатынастарының әділеттілігі мен қызметкерлердің психологиялық әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары