2025 жылдың 24 қаңтарында «К» жеке кәсіпкерлігінің басшысы күзет қызметкеріне күдікті азаматты қойма аумағынан шығарып жіберуге нұсқау берген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күзетші күдіктіні шығармақ болғанда екеуінің арасында жанжал туындаған. Күзет бөлмесінде болған кезде күдікті күзетшінің бетінен жұдырығымен ұрып жіберген. Күзетші еденге құлап, есінен танып қалған.
Содан кейін күдікті бөлменің есігін жауып, күзетшінің есін жиғанына көз жеткізіп, мойнын қолдарымен қысып, күртешенің оң қалтасынан қолдан жасалған пышақ пен кескіш затты алып,күзетшінің кеуде және іш аймағына 26 рет соққы берген. Күзетші сол жерде көз жұмған.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына 8 млн теңге сомасында моральдық залал өндірілді.