Астана аспанында айрықша құбылыс байқалды (ВИДЕО)

/
Астана аспанында айрықша құбылыс байқалды (ВИДЕО)

Қазақстандықтар оңтүстіктен солтүстікке қарай аспан арқылы ағып өткен белгісіз жарық сәуле жайында қызу талқылап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін кешкі уақытта астаналықтар айрықша құбылысқа куә болды. Алайда көпшілік мұны былтыр жерге құлаған Илон Маск компаниясының спутнигіне ұқсатқан. Ол кезде де дәл осыған ұқсас айрықша сәуле пайда болған еді.

Ерекше құбылысқа желі қолданушылары әртүрлі пікір айтты.

«Бұл — Starlink», «Аспанда ұшып бара жатқанын мен де көрдім», «Илон Масктің істеп жатқаны болар», «Қостанай аспанынан да байқалды», «Трансформерлер ғой» деп жазды желі пайдаланушылары.

ҚР Қорғаныс министрлігі аталған жайтқа байланысты мәлімдеме жасады.

«Қазақстан Республикасы аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына немесе метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді.
Азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды сұраймыз. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қажет болған жағдайда ресми түсініктеме береді», - делінген мәлімдемеде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары