«Астана Аренада» өткен матчта 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Андоррадан 1:0 есебімен басым түсті, деп хабарлады turkystan.kz.
Жеңіс голын 11-минутта «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Олжас Байбек соқты. Матчтың соңына дейін таблодағы есеп өзгермей, ойын 1:0 есебімен аяқталды.
Бұл матчта Дастан Сатпаев жастар құрамасындағы алғашқы ойынын өткізді. Ол алаңға негізгі құрамда шығып, 85 минут ойнады
Қазақстан U-21 құрамасы келесі ойынын 8 қыркүйекте Англияға қарсы өткізеді. Сонымен қатар, біздің топта Словакия, Ирландия және Молдова құрамалары бар. Топ жеңімпазы ЕУРО-2027 турниріне тікелей жолдама алады.