"Айыппұл немесе 5 жылға соттау": Ресей азаматтары енді IELTS тапсыра алмайды

/
"Айыппұл немесе 5 жылға соттау": Ресей азаматтары енді IELTS тапсыра алмайды
сурет: istockphoto.com

Бүгін Ресей Бас прокуратурасы халықаралық The British Council («Британдық кеңес») ұйымына ел аумағында шектеу қойды. Бұл шешімге байланысты енді ресей азаматтары IELTS халықаралық емтиханын тапсыруда үлкен шектеулерге тап болады: емтиханды шетелде тапсыру, төлем жасау, немесе ресми сайтқа сілтеме жіберу – мұның барлығы қалаусыз ұйым қызметіне қатысу ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұндай әрекеттер үшін 100 мың рубльге дейін айыппұл не 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар, деп хабарлайды turkystan.kz bfm.ru-ға сілтеме жасап.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, ұйым Ұлыбритания үкіметі арқылы қаржыландырылады және білім, мәдениет пен жастар саясаты салаларында ұзақ мерзімді британдық мүдделер мен құндылықтарды дамытумен айналысады.

«Сонымен қатар, Ресейде тыйым салынған және экстремистік деп танылып, Росфинмониторингтің террористік ұйымдар тізіміне енгізілген ЛГБТ-идеологиясын насихаттау мен қолдау белсенді жүргізілуде. РФ-ның ішкі және сыртқы саясатын жүйелі түрде қаралау мақсатында түрлі жобалар іске асырылып жатыр, – деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары