Қуандық Бишімбаев бұрынғы жұбайы Назым Қаһарманнан туған үш баласына төлейтін алимент мөлшерін азайту үшін өз мүлкін басқа адамдардың атына рәсімдеген, деп хабарлайды turkystan.kz.
2020 жылы экс-министр мен оның сол кезде бұрынғы әйелі атанған Назым Қахарман үш ортақ балаға алимент төлеу туралы келісімге қол қойған. Алайда бірнеше ай бұрын Бишімбаев кенеттен сотқа арыз беріп, бұрынғы мөлшерде төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеген. Себеп ретінде өзінің қаржылық жағдайының өзгергенін айтқан.
Orda.kz сайтының мәліметінше анықталған мүліктер Бишімбаевтың атына емес, басқа адамдарға сыйға тарту келісімшарттары арқылы рәсімделген. Дегенмен, «қағаз жүзінде кедейленіп», балалар алдындағы міндеттемелерден жалтару әрекеті нәтиже бермеді.
«Ол өз қаржылық жағдайының өзгергеніне сүйеніп, алимент мөлшерін азайтуды сұрады. Нақты соманы айта алмаймын, бірақ ол бірнеше есе азайтуды талап етті», — дейді адвокат.
Сот Бишімбаевтың әрекетін алименттік міндеттемеден жалтару әрекеті деп танып, оның талабын қанағаттандырмады. Экс-министр үш баласы кәмелет жасына толғанға дейін алимент төлеуді жалғастырады.