Қарағанды облысының Абай қаласында құтқарушылар ашық құдыққа құлап кеткен әйелді құтқарып алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 3-шағын ауданда болған.
«1974 жылы туған әйел шамамен 3 метр тереңдіктегі ашық құдыққа құлап, өздігінен шыға алмаған», – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар құдыққа баспалдақ түсіріп, оның көмегімен зардап шеккен әйел жер бетіне шыға алды. Әйел дәрігерлердің қарауынан өтіп, тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізілді.
Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін құдық қақпақпен жабылды.