Баянауылдағы демалыс үйінде үш жастағы қыз бала биіктен құлап кетті

/
Баянауылдағы демалыс үйінде үш жастағы қыз бала биіктен құлап кетті
istockphoto.com

Баянауылдағы демалыс үйінде үш жасар қыз терезеден құлап кетті. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол Баянауыл аудандық ауруханасына жеткізіліп, кейін Екібастұз қаласына жіберілген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, шақырту 4 маусымда түскен. Бала демалыс орнынан Баянауыл аудандық ауруханасына жеткізілген. Мұнда қызды хирург пен травматолог қарап, бел омыртқасына, кеуде қуысына, бас сүйегіне рентген жасалып, іш қуысы мүшелеріне УДЗ жүргізілген.

«Тексеру нәтижесі бойынша Екібастұз қаласына дейін медициналық сүйемелдеу ұйымдастырылды. Бала Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне бел омыртқасының жабық компрессиялық сынуы және іштің тұйық жарақаты белгілерімен жатқызылды», – деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін полиция үш жасар қыздың демалыс үйінің терезесінен құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Қыз құлаған сәтте анасы үй жинап жатқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары