Дональд Трамп 12 елдің азаматтарына Америкаға кіруге тыйым салды

/
Дональд Трамп 12 елдің азаматтарына Америкаға кіруге тыйым салды
ашық дереккөзден

АҚШ Президенті Дональд Трамп 12 елдің азаматтарының Америкаға кіруіне толық тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік және терроризмге қарсы күрес мақсаттарын ескере отырып, мен келесі 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салу және шектеу енгізуге шешім қабылдадым, ол елдер – Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваториалды Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен", – делінген құжатта.

Аталған шектеулер иммиграциялық және бейиммиграциялық визалар арқылы келетін шетелдіктерге қатысты қолданылады.

Сонымен қатар, Трамп жеті елдің азаматтары үшін жартылай тыйым енгізгенін хабарлады. Бұл елдерге Куба, Түрікменстан және Венесуэла да кіреді.

"Мен келесі жеті елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге жартылай тыйым салу және шектеу енгізуге шешім қабылдадым, ол елдер –  Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла", – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары