Оралда сот төрағасы мен қорғаушы сотталды

/
Оралда сот төрағасы мен қорғаушы сотталды
Ашық дереккөзден

 Орал қалалық сотының бұрынғы төрағасы Руслан Жұмагұлов 2 жыл 7 айға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Экс-судьяға қатысты қылмыстық іс Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық сотында қаралды. Былтыр күзде тұтқындау кезінде сот төрағасы пара алды деген ақпарат тараған еді.

Алайда істі қарау барысында Руслан Жұмағұловқа жауапты мемлекеттік қызметін пайдалана отырып, алдау және сеніміне кіру арқылы адвокаттың 200 мың теңгесін ұрлады деген айып тағылыпты.

Ал адвокат Фазылғалиев қызметін пайдаланып, 1,5 млн теңгені заңсыз иеленгені және лауазымды тұлғаға қомақты мөлшерде пара беруге итермелегені үшін айыпталған.

Сот үкімімен судьяға да, адвокатқа да бірдей жаза тағайындалды.

Екеуі де сот залында қамауға алынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары