"Рэкетир" фильмінің жұлдызы Мұрат Бисембиннің қазіргі жағдайы белгілі болды

"Рэкетир" фильмінің жұлдызы Мұрат Бисембиннің қазіргі жағдайы белгілі болды
коллаж: turkystan.kz

Былтыр қатерлі дертке шалдыққан Мұрат Бисембин өзін қолдаған барша оқырмандарына "Мені жеңу оңай емес" деп үндеу жасаған еді. Бір жылдан аса уақыт актер салауатты өмір салтын қатал ұстанып, өмірі үшін күресіп келген болатын.

 Актердың досы Саят Исембаев әлеуметтік желіде Мұрат Бисембиннің қазіргі жағдайынан хабар беретін сурет жариялап, "Бізде бәрі жақсы" деп жазды. Оқырмандар актердің тез жазылып кетуіне тілектес болып, пікір жазып жатыр.

Айта кетейік, «Рэкетир» фильмінде Саян  рөлінде Саят Исембаев, ал Руслан рөлінде Мұрат Бисембин ойнаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары